Ақтаудағы түрме жатақханасының опырылуы

248
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ақтаудағы түрме жатақханасының опырылуынан зардап шеккен сотталушылардың хәлін сұрады.

Министр олардың қазіргі жағдайын сұрап, дәрігерлермен тілдескен соң науқастардың тездетіп сауығып кетуін тіледі. 


Ақтаудағы түрме жатақханасының опырылуынан зардап шеккендер уақытылы медициналық көмек көрсету үшін шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, жатқызылған болатын. 


Қазіргі таңда жарақат алғандар дәрігерлер бақылауында. Бір науқастың жағдайы
тұрақты ауыр күйде, ал қалған үшеуі түрлі деңгейдегі жарақат алған. Медициналық көмек толықтай көрсетіліп жатыр. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.