ҚЫЗЫЛОРДАДА БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ ЖАЗАЛАНДЫ

2 652

https://kapital.kz/Қызылорда облысы Арал ауданының прокуратурасымен «Бөген» ауылдық  клубы коммуналдық қазыналық кәсіпорнына тексеру жүргізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тексеру қорытындысымен клуб есепшісі 2,7 млн астам өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызмет бабын пайдалана отырып, иемдену  арқылы жымқырғаны анықталды.


Аталған дерек аудандық прокуратурамен СДТБТ-не ҚК-тің 189-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен тіркеліп, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.


Арал аудандық сотының 27.05.2024ж. үкімімен кінәлі тұлғаға 3 жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жазасы тағайындалды.


Сот үкімі заңды күшіне енді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.