ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА АСҚАН ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ КЕРЕК
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен тұрақтандыру қорындағы картоп, басқа да азық-түлік өнімдерінің көлемі, «Арт-спорт» бағдарламасының өңірде іске асырылуы талқыланған мәжіліс өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оған селекторлық режимде қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшылары қатысты.
Жиында аймақ басшысы күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуына асқан жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті.
Басқосуда «Арт-спорт» бағдарламасына бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына жүргізілген тексеру туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов баяндады.
Мемлекеттік тапсырысқа бөлінген бюджет қаржысының тиімді, мақсатты жұмсалуын қадағалау үшін құзырлы органдар арнайы жұмысшы тобын құрып, тексеру жүргізілуде.