Облыс әкімі Мұхтар Шахановпен кездесті

2 582

Фото: Қызылорда облысы әкіміОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановпен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Аймақ басшысы Сыр өңіріне арнайы сапармен келген ақынға алғыс білдіріп, руханият пен мәдениетке қосқан еңбегін ерекше атап өтті.


«Ең алдымен, Мұхтар аға, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Еңбек Ері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл атақ егемен еліміздің рухани-мәдени дамуына қосқан өлшеусіз еңбегіңізге берілген лайықты баға деп білеміз. Сіздің қаламыңыздан туған «Жұбайлар жыры», «Туған күн кешінде», «Гүл дәурен», «Мен саған ғашық едім» секілді тағы да басқа көптеген туындыларыңыз қалың жұртшылыққа кеңінен тарап, жүректерден өшпестей орын алды. Шығармаларыңыз 50-ден астам тілге аударылып, республикамыздың, шет елдердің театрларында қойылып келеді. Ұлт руханиятына қосқан зор үлесіңіз үшін «Отан» ордені, Қазақстанның Халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны, тағы басқа атақ пен марапаттар иелендіңіз. Өзіңізге деген Сыр халқының құрметі, ілтипаты әрқашан да ерекше. Шығармашылық сапарыңызға құтты қадам, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Ғасыр жасаңыз!», – деді аймақ басшысы.