Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

2 909

Фото: gov.kzҚызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Нұрмағанбетов Арнұр Әлібекұлы тағайындалды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, қала әкімі Нұржан Ахатов жаңа орынбасарын кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында таныстырған.

"Арнұр Әлібекұлы – мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, сатылап өскен білікті де, тәжірибелі маман. Тапсырманы тиянақты орындайтын жауапкершілігі мол азамат. Сондықтан әлеуеті жоғары кадр ретінде өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін", - деді Нұржан Ахатов.

Арнұр Әлібекұлы 1985 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану", "Экономика", Болашақ университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша тәмамдаған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.