Қызылордада 6 вагон рельстен шығып кеткен

2 576

Фото: Александр Павский/KazinformОқиға 2- ші қаңтар күні сағат 17.10-да «Нұр Назар» серіктестігінің кіреберіс жолында, яғни Қызылорда жүк тасымалдау бөлімінің Белкөл стансасында маневрлік жұмыс кезінде болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, тазалық жұмысы кезінде жолдың бұрылыс бөлігінде 6 вагон сағатына 3-5 шақырым жылдамдықпен рельстен шығып кеткен. Оның 4-еуі дизель отыны тиелген цистерна болса, қалғаны – бос вагондар. 

Алдын ала мәлімет бойынша вагондар жерге қырымен түскен. Жапа шеккендер жоқ. Бұл оқиға пойыздардың негізгі жолмен қозғалуына еш кедергі жасамайды. Жылжымалы құрам мен жолға да кесірі тимеген. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында ол жерде комиссия жұмыс істеп жатыр. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.