Қызылордада Президент сапарына үлес қосқан азаматтар марапатталды
Қызылордада облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен Мемлекет басшысының өңірге жасаған жұмыс сапарының қорытындылары талқыланған кеңейтілген мәжіліс өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жиынға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, қала әкімі Нұржан Ахатов, қоғам қайраткерлері, ардагерлер кеңесінің өкілдері және зиялы қауым мүшелері қатысты.
Президент сапасына үлес қосқандарға алғыс айтылды
Жиын барысында Данияр Еренғалиұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысқан және Мемлекет басшысының Сыр өңіріне жасаған сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға айрықша ризашылығын білдірді.
Ол Президенттің өткен аптадағы сапары жайлы айта келе, Қасым-Жомарт Кемелұлының аймақтағы жаңа әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралап, жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың барысымен танысқанын атап өтті. Мемлекет басшысы халықпен кездесуде өңірдің даму динамикасына оң баға берген болатын.
«
Облыс жақсы дамып келе жатыр. Қарқыны жоғары», – деген Президенттің бағасы өңірде жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың жемісі екені айтылды.
Данияр Жаналинов бұл жетістіктер облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың өңірдегі барлық салаға серпін беріп, бірлік пен еңбекке ұмтылыс атмосферасын қалыптастырудағы еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.
Облыс әкімінің алғысы жеткізілді
Мәжіліс барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары:
Сонымен бірге ол жиынға қатысушыларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық-саулық тілеп, ел игілігіне бағытталған жұмыстарды жалғастыруға шақырды.
Үздік қызметкерлер марапатталды
Мемлекет басшысының сапарын ұйымдастыруға зор үлес қосқан өңір қызметкерлері облыстың Құрмет грамотасымен, сондай-ақ облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл — өңір дамуына жанашырлықпен қызмет еткен жандарға көрсетілген құрметтің белгісі.
Қоғам қайраткерлері құттықтау сөз сөйледі
Жиында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Шакизат Төребаев сөз сөйлеп, марапат иелерін құттықтады. Олар өңірдің дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға ақжарма тілектерін білдіріп, бірлікке, ел үшін қызмет етуге шақырды.
Қызылордада өткен бұл мәжіліс Мемлекет басшысының өңірге жасаған сапары аясында атқарылған жұмыстарға баға беріп қана қоймай, облыстың дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегін ерекше атап өтті. Мұндай марапаттар — өңір тынысын жандандыруға күш салып жүрген қызметкерлерге деген құрмет әрі ынталандыру.







