Қызылордада биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қасқыр ауланып жатыр

2 517

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіҚызылорда облысында қоршаған ортадағы биологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жыртқыш аңдардың санын реттеу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өткен жылы 167 рейдік іс-шара ұйымдастырған.

Нәтижесінде 47 қасқыр, 6 шибөрі ауланды. Сонымен бірге биыл 13-22- ші қаңтар аралығында Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері Жаңақорған ауданындағы Қожакент, Машбек, Қыркеңсе, Жаңаарық, Өзкент, Түгіскен ауылдық округтерінің құм жақ беткейінде жыртқыш аңдар аулады. Рейд барысында 2 қасқыр, 90 шибөрі ұсталды, — делінген хабарламада. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.