"Көз алдымда болды": Түркістан облысының тұрғыны 12 жастағы қызын өгей әкесі қалай зорлағанын айтты

244
Қазір Ақмарал қызымен бірге (есімі өзгертілді - ред.еск.) Шымкенттегі "Көмек" дағдарыс орталығын паналауда. Өзі үшінші топ мүгедегі, екі құлағы 70 пайыз естімейді. Айтуынша, 2012 жылы бірінші күйеуі жол апатынан қайтыс болып, 4 жасар қызымен жесір қалған. Қайғылы оқиғадан 8 жыл өткенде екінші күйеуімен танысқан. "Күйеуім 1977 жылғы. Ол кісі менімен танысып біліскен соң, маған үйленгісі келетінін айтты. Өзім де сол кездері жолдасым болса, қызыма әке болса деп ойлап жүретінмін. Сол уақытта қызым санаторияда жатқан еді. Жаңадан өмір бастайтыныма қуандым. Қызым санаториядан шыққан соң, онымен таныстырдым. Сөйтіп бірге тұра бастадық", - дейді Ақмарал екінші күйеуімен қалай жолыққаны жөнінде айта отырып.  "2020 жылы ақпан айының 19-да күндіз мен азық-түлік алуға дүкенге шығып кеттім. Сол кезде қызым мен күйеуім үйде қалған. Келсем есік құлыптаулы, есікті қызым ашты да, өзі сыртқа шығып кетті. Ал күйеуім "Мен ұйқтаймын деп, жатып қалды". Менің ойымда ештеңе жоқ. Ертеңінде кешкі аста ол ішімдікке тойып, масайып қалып, жанжал шығарды. Бірінші маған айғайлап, балағаттап, аузына келген сөздерді айтты. Содан кейін мені ұрып-соғып, бір-ақ тепті. Басыммен дуалға соғылып, жерде тұра алмай жатып қалдым. Маған тағы бір әйел аламын деді. Сөйтсем менің қызымды да тындырған екен. Бұл жағдай мен дүкенге кеткен күні болған екен. 20 ақпанда жанжал кезінде маған ол : "Сенің қызың қыз емес" деп қызымды жерден алып жерге салды. Ол ұрыс-керіс үстінде алдыңғы күні істегенін өзі мойындады. Сол арада менің көзінше қызымның киімін шешіп тастады да, оны қинап өз дегенін жасады. Мен бәрін көзбен көріп тұрып, қызымды қорғауға шамам келмеді. Сол жатқаннан есімді жинай алмадым. Бәрін біліп тұрмын, бірақ басымды көтеріп, тұра алмай жатырмын. Қызымның қарсыласқанына қарамай қинады.