Қызылорда облысында жол апатының саны 47,9% өскен

1 529

Фото: Pexels.comҚызылорда облысында кешенді профилактикалық іс- шаралардың күшейгеніне қарамастан өткен жылы жол-көлік оқиғаларының саны 47,9% (978-ден 1446-ға) артқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Одан 109 адам қаза тауып, көрсеткіш 5,8%-ға, жарақат алғандар саны 54,9%-ға (1247-ден 1932-ге) көбейген.

Талдау нәтижесі көбіне жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауы жол-көлік оқиғаларына әкелетінін көрсетті. Атап айтқанда, жолда жүру ережесін бұзудың 305 мыңға жуық дерегі анықталса, оның 176 мыңнан астамы — жол апатына тікелей әсер ететін өрескел құқықбұзушылықтар. Осыған байланысты қауіп-қатер жоғары учаскелерде, адамдар шоғыры көп жаяу жүру өткелдерінде кезекшілікті күшейттік, - деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов.

Өңірде жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде анықтайтын стационарлық жүйе желісі кеңейген. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша 10 «Sunqar» құрылғысы іске қосылған.


Одан бөлек, бейнебақылау қондырғыларының саны көбейді. Қазіргі таңда облыс орталығы мен барлық аудандық полиция бөлінісіндегі жедел басқару орталықтары 888 бейнебақылау камерасымен қамтылған. Штаттық режимде жұмыс істеп тұр. «Қауіпсіз қала» жобасы аясында облыс орталығына 1400 бейнебақылау камерасы, 20 зияткерлік қиылыс, 58 стационарлық жылдамдық өлшегіш орнатылды, - деді департамент бастығы.

Қазіргі күні оларды іске қосу бағытында жұмыстар атқарылып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.