Қызылордада құтқарушылар далада қалған жолаушыларға жедел көмек көрсеткен
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 112 қызметіне облыс аумағындағы тасжолдан алыста көлік қалып қойғаны туралы дабылды хабарлама түскен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform порталына сілтеме жасап.
Департаменттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, темір тұлпар тасжолдан 35 шақырым қашықтықта, яғни жету қиын Телікөл аймағында тұрып қалған. Ішіндегі адамдар екі күн бойы далада қонуға мәжбүр болған. Олар өз күшімен шыға алмаған соң құтқарушылар көмегіне жүгінген.
Қаз
Рус






