Қызылордада TikTok арқылы табыс таппақ болған қыз жазаланды
Әлеуметтік желі арқылы заңмен тыйым салынғанына қарамастан электронды темекі сатып, алаяқтық жасаған 19 жастағы қызылордалыққа қатысты сот үкімі шықты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті хабарлағандай, ол қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, сот шешімімен 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған. Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне алынған.
Қызылорда облысында жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа тартылған 22 адамның 14-і белгіленген сағаттарын толық орындап, пробация есебінен шығарылды. Қалғаны қоғамдық жұмыс бойынша жазасын өтеп жүр.







