"500 мың санап берді": Баласынан айырылған әйелдің сөзі күмән тудырды

463

Фото: видеодан скриншотАлматыда немересін іздеп табуға көмек сұраған Ғалия Әбішеваның өтініші шиеленіске толы оқиғамен жалғасты. КТК телеарнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында жария болған отбасылық даудың арты бала сату-сатып алуға байланысты қылмыстық құрамның анықталуымен аяқталуы мүмкін. Студияға келген Ғалия Әбішеваның бұрынғы келіні Әйгерім Сәлімғазы біреулерге алданып, баласынан айырылып қалғанын айтады.

"Келінім немеремді алып төркінге тайып тұрды" деген Ғалия Әбішева "Астарлы ақиқаттан" көмек сұрады. Алайда келіні Әйгерім Сәлімғазы бір жастан жаңа асқан баласын алып, енесінен де анасынан да қашып кеткен. 

Бағдарлама журналистері екі күн бойы іздеп, ақыры Әйгерімді тапқан. Алайда баласы жанында болмай шықты. 

Дина Төлепбергеннің "баладан қалай айырылып қалдың?" деген сұрағына Әйгерім нақты жауап бермеді. Ол тек өзінің алданып қалғанын айтып, баланы басқа отбасы асырап жатқанын жеткізді. Бағдарлама жүргізушісіне Әйгерім Сәлімғазының сөзі күмәнді көрінді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.