Қызылордада облыс әкімі лауазымынан босатылды

2 551

Фото: ©Нұрлыбек Нәлібаев / фото: gov.kzҚызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақорда парталына сілтеме жасап. 

Бірінші вице-премьер атанған шенеунік Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды. Сыр өңірін кім басқаратыны әзірге белгісіз. 50 жастағы Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.2005 жылы Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, ал 2007 жылы облыс әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған. 2008-2013 жылдары Шиелі ауданын басқарған. 2013-2021 жылдар аралығында Қызылорда қаласының, облыстың әкімі қызметтерін атқарған. Бір жылдай премьер-министр кеңсесінде істеген Нәлібаев 2022 жылғы сәуірден осы күнге дейін Қызылорда облысының әкімі болып келді