Қызылордаға 1 жасар бала ТЖМ көмегімен жедел жеткізілді

2 566

Фото: ©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Шұғыл көмекті қажет еткен бір жасар сәби ТЖМ тікұшағымен Қызылордаға жеткізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарттық агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысының Төретам кентінде бір жасар баланы облыс орталығына шұғыл жеткізген.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болған, ТЖМ авиациясы көмекке келген. Аз уақыт ішінде тікұшақ экипажы Төретам кентінен Қызылорда қаласына ұшып шығып, дәрігерлердің көмегімен баланы медициналық мекемеге жеткізген. 

Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында сәби дер кезінде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта бала мамандардың бақылауында,- делінген хабарламада. 

Толығырақ  бейнероликтен көре аласыздар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.