ҚАРМАҚШЫДА АВИАЦИЯ САЛАСЫН ДАМЫТУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
ҚАРМАҚШЫДА АВИАЦИЯ САЛАСЫН ДАМЫТУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізіліп, онда облыс әкімінің авиация саласын дамыту, цифрландыру жүйесін жетілдіру, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін орындау, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы демалыс маусымын ұйымдастыру бойынша берген тапсырмалары кеңінен талқыланды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, кент және ауылдық округ әкімдері мен жауапты мекеме басшылары қатысты.
Мәжіліс барысында өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі міндеттер сараланып, әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды. Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмаларын уақытылы әрі сапалы орындау мәселесіне ерекше назар аударылып, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселелердің бірі авиация саласын дамыту және осы бағыттағы инфрақұрылымдық
жұмыстарды жетілдіру болды. Жиында авиация саласының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге және тұрғындардың қатынас қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін маңызды бағыт екендігі айтылды. Осыған байланысты аудан көлемінде авиациялық инфрақұрылымға қатысты жұмыстарды жүйелеу, саланың әлеуетін арттыру және тиісті мекемелермен өзара байланысты күшейту мәселелері қарастырылды.
Аудан әкімі Жандос Еркінбек авиация саласының дамуы қазіргі заман талабына сай өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, көлік-логистикалық жүйені жетілдіру экономиканың барлық саласына оң әсерін тигізеді.
– Авиация саласын дамыту – уақыт талабынан туындаған маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірдің экономикалық белсенділігін арттыруға, қатынас мүмкіндіктерін кеңейтуге және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сондықтан берілген тапсырмалардың орындалуына жауапкершілікпен қарау қажет, – деді аудан басшысы.
Сонымен қатар жиында цифрландыру мәселелері де кеңінен талқыланды. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, электрондық жүйелердің тиімділігін күшейту, халыққа қолайлы цифрлық орта қалыптастыру және құжат айналымын автоматтандыру бағытындағы жұмыстар сараланды. Жауапты сала мамандарына цифрлық технологияларды енгізу арқылы тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру тапсырылды.
Мәжілісте ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалу барысы да жан-жақты қаралды. Экономика және қаржы саласына жауапты бөлімдердің мәліметіне сәйкес, аудан бойынша бірқатар бағытта өсім динамикасы қалыптасқан. Дегенмен кейбір салаларда жоспарлы көрсеткіштерді орындау жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және өңдеу салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы сараланып, өндіріс көлемін арттыру, инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері көтерілді. Аудан әкімі әрбір сала бойынша жоспарланған көрсеткіштердің толық әрі сапалы орындалуы қатаң бақылауда болуы тиіс екенін ескертті.
– Әрбір көрсеткіш нақты еңбек пен жүйелі жұмыстың нәтижесі болуы керек. Біз межеленген міндеттердің
орындалуына формалды емес, нақты нәтиже тұрғысынан қарауымыз қажет. Әсіресе ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және өңдеу салаларындағы жұмыстар уақытылы әрі сапалы орындалуы тиіс, – деді Жандос Еркінбек.
Жиында ауыл шаруашылығы саласындағы егіс жұмыстарының барысы, су үнемдеу технологияларын енгізу, мал шаруашылығын дамыту және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мәселелері де сөз болды. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібін дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.
Мәжіліс барысында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылды. Аудан басшысы жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
– Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әсіресе жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажет. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін барлық жауапты мекемелер бірлесіп жұмыс істеуі тиіс, – деді аудан әкімі.
Осыған байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөліміне, полиция бөліміне, білім саласы өкілдеріне және кент, ауылдық округ әкімдеріне күшейтілген профилактикалық жұмыстар жүргізу тапсырылды. Атап айтқанда, рұқсат етілмеген су айдындарында шомылуға жол бермеу, ескерту белгілерін орнату, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және рейдтік шараларды тұрақты ұйымдастыру міндеттелді.
Сонымен қатар ата-аналармен және білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыстарды күшейту, балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру шараларын арттыру қажеттігі айтылды.
Жиында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі де кеңінен қаралды. Жазғы лагерьлердің дайындығы, балаларды сауықтыру шараларымен қамту, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың шығармашылық, спорттық және танымдық бағыттағы үйірмелерге қатысу мүмкіндіктерін арттыру мәселелері талқыланды.
Жауапты сала басшыларына балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Әсіресе әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды жазғы сауықтыру лагерлерімен қамту мәселесіне басымдық беру қажеттігі айтылды.
Мәжіліс барысында жазғы кезеңде мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, спорттық жарыстар өткізу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар да сөз болды.
Сонымен қатар аудан аумағындағы санитарлық тазалық, абаттандыру және қоғамдық орындарды күтіп ұстау мәселелері де назардан тыс қалмады. Кент және ауылдық округ әкімдеріне елді мекендердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу және инфрақұрылымдық нысандарды ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі барлық жауапты мекемелерге берілген тапсырмалардың мерзімінде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Сондай-ақ әрбір сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тұрақты бақылауда болатынын айтып, белгіленген міндеттердің орындалуына салғырт қарауға жол берілмейтінін жеткізді.
– Әрбір тапсырма нақты нәтиже беруі тиіс. Жауапты мекемелер жұмыстарды үйлестіріп, халық мүддесіне бағытталған міндеттерді сапалы орындауы қажет. Барлық бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады, – деді аудан басшысы.
Мәжіліс соңында жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді. Сонымен қатар алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.
Фото:Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі







