Қызылордада апаттан сал болған депутат өтемақы төлемей отыр деп шағымданған
Апаттан кейін арбаға таңылған 53 жастағы азамат еңбекке мүлде жарамсыз болып қалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы шаруа қожалығында ауыр жарақат алған егінші сал болып қалған. Омыртқасы мен жамбас сүйегіне зақым келген 53 жастағы азаматтың төсек тартып жатқанына бір жылға жуықтаған. Ал еңбек инспекциясының өкілдері бұған жұмыс беруші тікелей кінәлі деген қорытынды шығарыпты. Алайда жарымжан болған жігіт ағасы қожалық басшысы, әрі облыстық мәслихат депутаты әлі күнге дейін жазаланбады, әрі өтемақыны да бермеді деп қынжылады,- деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Былтыр күзде егіс алқабынан қайтып келе жатып, апатқа ұшыраған трактордың тіркемесінде болған жолаушылардың бірі – Анарбек Шарапатов. Егінші қожалықта тасымал көлігі тапшы болғандықтан, басшы заңсыз болса да, жұмысшыларды техниканың жүк салғышына отырғызған дейді. Апаттан кейін арбаға таңылған 53 жастағы азамат еңбекке мүлде жарамсыз болып қалдым деп отыр.
Алайда шаруа қожалығының заңгері жұмысшыларға арналған тасымал көлігі бар дейді. Апатқа ұшыраған трактордың тіркемесіне егіншілердің өздері мінген деп ақталған.
Алайда еңбек инспекциясының өкілдері бұл жағдайға тікелей қожалық басшысы кінәлі дейді. Сондықтан өтемақы төлеуге міндетті деп отыр.
Өздігінен жүріп-тұра алмайтын хәлге түскен азаматтың бес баласы бар. Көпбалалы әке мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін әйелімнің табысымен күнелтіп келеміз дейді. 35 жыл бойы тер төккен жұмысымнан да, денсаулығымнан да бір сәтте айырылдым деген жігіт ағасы серіктестікті сотқа беріп жатыр.







