Өңірлік коалиция өкілдері «Абзал и К» компаниясы қызметкерлерімен кездесті

1 518

Фото: ©«Абзал и К» компаниясыҚызылордада өңірлік коалиция өкілдері «Абзал и К» компаниясының қызметкерлерімен кездесу өткізді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

 Жиында компания ұжымына жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, құжатта көзделген өзгерістер мен нормалар түсіндірілді.

Кездесу барысында коалиция жетекшісінің орынбасары Гүлшат Мұсаева жаңа Конституция жобасында отбасы құндылықтарына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Сонымен қатар, бала тәрбиесі мен отбасының жауапкершілігіне қатысты нормалар нақтыланған.

Коалиция мүшесі Дәурен Сейтжанов кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне тоқталды.Фото: ©«Абзал и К» компаниясы Жобада мемлекет кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға, экономикалық еркіндікті дамытуға, сондай-ақ азаматтардың еңбек ету, әлеуметтік қорғау, білім алу және медициналық қызмет алу құқықтарын нақты бекітуге бағытталған нормалар қамтылған.

Кездесу барысында ұжым мүшелері өз пікірлерімен бөлісті. Олар жаңа Конституция жобасындағы еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктердің нақтылануы, әсіресе ауыл еңбеккерлері үшін маңызды екенін атап өтті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.