"ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТАУ" БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

2 514

Фото:© жасанды интеллект«SCAT» әуе компаниясы "Ақтау – Қызылорда – Ақтау" бағыты бойынша  субсидиялық жаңа әуе рейсін іске қосты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Алғашқы рейспен 146 жолаушы Қызылордаға келсе, дәл осындай жолаушы Ақтауға аттанған. Жаңа бағыт рейстері "Boeing" әуе кемесімен аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері ұшады. Ұшақ Ақтау қаласынан Қызылордаға сағат 16:00-де қонып, Қызылордадан Ақтауға сағат 17:00-де ұшып шығады. Билет құны бір бағытқа тұрақты түрде 25 000 теңге болады. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен ұйымдастырылған алғашқы  рейсті дәстүрге сәйкес әуежайдағы су аркасымен салтанатты қарсы алу рәсімі өткізді. Жаңа әуе бағыты өңіраралық байланысты нығайтып, жолаушылардың мүмкіндігін кеңейтеді. Сондай-ақ туристік және іскерлік байланыстарды дамытуға оң ықпал етеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.