ЖОСАЛЫДА ЖАҢА ЖОБАЛАР МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

1 529

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес аудан әкімі мен ауылдық округтер әкімдерінің тұрғындармен кездесуі Жосалы кентінде қорытындыланды. Кездесуде аудан әкімі Жандос Еркінбек 2026 жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жөнінде халық алдында есеп беріп, бірқатар жобалардың орындалу барысын баяндады.

Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Келмембет батыр және Нұржігіт Нақыпов көшелерінде күрделі жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен құны 3,4 млрд теңгені құрайтын жоба аясында жөндеуді қажет ететін 38 көшені өз кезеңімен жаңғырту жоспарланып отыр. Жоба толық жүзеге асқанда Жосалы кентіндегі жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 100 пайызға жетеді.

Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында биыл аудан әкімінің қолдауымен аудандық Тұрар Рысқұлов, Балқы базар және Ораз ахун көшелеріне жаңа жаяу жүргіншілер жолдары салынуда. Сонымен қатар, Ерімбет Қойшыбаев көшесінде балалар ойын алаңының құрылысы жүргізілуде.

Кездесуде аяқ су жүйесінің жұмысы, маусымдық жағажайдың қауіпсіздігі, санитарлық тазалық шаралары және «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар да толық баяндалды.

Жиын соңында бірқатар азаматтың мәселесіне жауап берген аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлері әрдайым назарда болатынын айтып, халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

©Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.