Алматыда әлдебіреу 12 мектепті жарып жіберетінін мәлімдеді: Ғимараттарды саперлер тексеруде

312

Фото: pixabay.comБелгісіз азамат Алматыдағы 12 мектептің поштасына оларды жарып жіберетіні туралы жазылған хат жіберген.
 "Бұл туралы 12 жалпы білім беру мекемесінің электронды поштасына келген хаттардан белгілі болды. Онда белгісіз азамат ақша жіберуді талап етеді. Ақша жібермеген жағдайда ол мектеп ғимаратын жарып жіберемін деп қорқытуда", - дейді полиция департаментінде.
 Бүгінде бұл ғимараттарды саперлар тексеріп жатыр. Аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 273-бабы - "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы көрінеу жалған ақпарат" дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. 
"Жасырын хат жолдаушының жеке басын анықтау және оны одан әрі ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп толықтырды полицейлер. 
Дәрігерлер балалар энтеровирусты инфекцияға шалдықты деген күдік бар деп отыр. Олар жиырма тоғыз баланы қарап, денсаулығын тексергенін мәлім етті. Қазір оқушылардың тоғызы ауруханада жатыр. Он алты бала үйінде ем алуда. Ал білім ордасында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жұмыс істеп жүр. Бұл жағдайға қатысты аудандық білім бөлімі пікір білдірді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.