Қызылорда облысында әкімдік жанармайдың 1 литрін 18 000 теңгеге алмақ болған

2 689

Фото: ShutterstockҚызылорда облысында 1 литр жанармайды  18 мың теңгеге сатып алмақ болған, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сатып алу порталына мониторинг жасау арқылы 131 млн теңгеден астам бюджет қаржатының негізсіз жұмсалу фактісін анықтады.

Атап айтқанда, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің аппаратымен жалпы көлемі 7 260 литр «АИ-92»  маркалы бензинді 1 литрін 18 303 теңгеге, яғни нарықтық құнынан 100 есе жоғары бағаланып, сатып алу жоспарланған.

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына сатып алу бағасын қайта қарап, оны сәйкестендіру жөнінде ұсыныс хат жолдаған.

«Атқарылған жұмыстың қорытындысымен 131 млн теңге  шамасында бюджет қаражаты үнемделді, әкімдіктің жауапты тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.», - деп жазды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.