Қызылордадағы NIS түлектеріне аттестат табысталды

2 704

Фото: Pixabay.comҚызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2025 жылғы бітірушілерге аттестат беру рәсімі өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Exit: мектеп, Enter: болашақ» атауымен ұйымдастырылған шара түлектердің жаңа өмір жолына жасаған алғашқы қадамын білдіретін маңызды оқиғаға айналды.

Салтанатты шара өңірдегі мәдениет пен өнердің іргелі ордасы – Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының сахнасында өтті. Биыл 151 түлек алтын ұя мектебімен қоштасты. Олардың төртеуі «Алтын белгі» иегері атанса, тағы 12 түлек үздік аттестатқа ие болды. Жас зияткерлер оқу барысында ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, қорытынды жиынтық бағалауда және халықаралық тіл емтиханында жақсы нәтиже көрсете алды.

"Біздің мектеп халықаралық A-Level стандарттарына негізделген NIS Programme бағдарламасы бойынша оқытады. Бұл бағдарлама әлемнің жетекші елдері тарапынан мойындалған. Сыртқы жиынтық бағалау қорытындысы бойынша түлектер Кембридж сертификатын алады. Бұл – күрделі әрі жауапты сынақ. Соған қарамастан, биыл әр үшінші түлегіміз А және А* деңгейінде жоғары бағаға ие болып отыр. Бұл – оқушылардың табандылығы, ұстаздардың тәлімі мен ата-аналардың қолдауының нәтижесі деп білеміз", – деді мектеп директорының міндетін атқарушы Калман Беймбетов өз сөзінде.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.