Қызылордада өрт қауіпсіздігін сақтамағандарға айыппұл салынған

2 508

Фото:© Өңірлік коммуникация қызметіКөктем мезгілі басталғалы Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 26 өрт оқиғасы тіркелген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалпы ауданы 1296 гектар жерді қызыл жалын шарпыған.

Облыс аумағындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі — 7,3 млн гектар. Оның 3,9 млн гектары — орманды алқап. Өрттің негізгі бөлігі жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы орман алқабында болған, — деді департамент бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Түйменов.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, тілсіз жаудың жартысына жуығы электр желілерінің тозуы мен ақаулы электр құралдарын пайдаланудан шыққан.

 Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған азаматтарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды. Жыл басынан бері 596 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 11,4 млн теңгеден астам айыппұл салынды, — деді департамент өкілі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.