ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫН БАҚЫЛАДЫ

1 505

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢӘКІМІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫН БАҚЫЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан аудандағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына дайындық барысымен танысты.

Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық - саяси өміріндегі маңызды науқанның бірі. 

Ауданда сайлауды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі таңда аудан бойынша 42 учаскелік сайлау комиссиясы бар.

Аудан әкімі сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық тұрғыдан толық дайын болуын, санитарлық тазалықтың сақталуын, дауыс берушілерге қажетті қолайлы жағдай жасауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ жауапты мекемелерге сайлау процесінің заң талаптарына сәйкес, ұйымдасқан әрі жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.