Қызылордада бір күнде алты әкім сайланады

2 510

Фото: Opennews.kz ЖИ4 қазан күні Қызылорда облысының төрт ауданында кент және ауылдық округ әкімдері сайланады. - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарарат агенттігі.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мәлімдегендей, сайлаушылар 2 кент және 4 ауылдық округке жаңа әкім сайлайды.

Әкім сайлауы Арал ауданының Сексеуіл кентінде, Қазалы ауданының Аранды, Құмжиек, Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округтерінде, Жаңақорған ауданының Шалқия кенті мен Төменарық елді мекенінде өтеді. 

— 6 округте 15 052 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Сайлаушылар үшін 12 учаске құрылады. Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну құжаттары қыркүйекке дейін қабылданады, — делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.