Қызылордада қару ұстаған тұрғындарды жаппай тексеру басталды

2 500

Фото: Opennews.kz ЖИІс-шараның басты мақсаты – заңсыз сақталған және заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды анықтау, азаматтық және қызметтік қарулардың сақталуы мен пайдаланылуына бақылауды күшейту, сондай-ақ қаруға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жұмыстар қоғамдық тәртіпті нығайтып, қарудың заңсыз қолданылуынан туындайтын қауіптердің алдын алуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері қару иелерінің тұрғылықты мекенжайлары бойынша 600-ге жуық тексеру жүргізді. Қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 18 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаруды тасымалдау және тіркеу мерзімдерін бұзғаны үшін 11 қару иесіне қатысты әкімшілік хаттамалар ресімделді.

Полиция департаменті азаматтарды қаруды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Қару иелерінің белгіленген талаптарды орындауы – заң мен тәртіпті нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтардың тыныштығын сақтауға маңызды үлес қосады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.