Қызылордада жол апатынан екі адам көз жұмды
Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұсында екі автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасында екі адам қайтыс болды. Қайғылы оқиға КАЗ-06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» тасжолы 1462/804 шақырымында болған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
— Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда барынша мұқият болуға шақырамыз. Өз қауіпсіздігіңіз бен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауды еске саламыз, — деді Сейдахан Абылайхан.
Қаз
Рус






