Қызылордада балалар ауруханасында 14 жастағы қыз көз жұмды
Қызылорданың 14 жастағы тұрғыны аяқасты денсаулығы мазалап, медициналық ұйымға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ол жансақтау бөлімінде есін жимастан бақилық болды.
Қайғылы жағдайға байланысты тексеру шаралары басталды. Бұл туралы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының басшылығы мәлімдеді.
- Аталған мәселе бойынша баланың ата-анасы медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне шағым түсірген. Соған сәйкес қазіргі таңда зерделеп, тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада
Қаз
Рус






