Қызылордада киікке ұқсас 58 жануардың өлексесі табылды
20 қарашада Қызылорда қаласында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірге киікке ұқсас жануарлардың 58 өлексесін анықтады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
— Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр, — делінген хабарламада.
Осы орайда комитеті тұрғындарды табиғат қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және жабайы жануарларды заңсыз аулауға жол бермеуге шақырады.
Қаз
Рус






