Маңғыстауда екі күн ішінде 45 жезөкше ұсталды

496

Фото: polisia.kzМаңғыстау облысында "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі күннің ішінде 45 жезөкше ұсталған. Жеңіл жүрісті қыздар есепке қойылды.

Іс-шара 24-26 наурыз аралығында өткізілген. Осы уақыт ішінде құқық қорғаушылар моншалар мен жалдамалы пәтерлерді тексерген.
 
"Жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша (ҚР ҚК 309 бап) 5 факті және кәмелет жасына толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша (ҚР ҚК 134-1 бап) бір дерек анықталды", - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаменті. 

Тәртіп сақшылары 31 адамды қоғамдық орындардағы қудалау үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 449 бабы бойынша жауапқа тартқан. Сондай-ақ жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін ғимарат берген 3 адам Әкімшілік кодекстің 450 бабы бойынша жазаланған. 

Құжаттары жоқ төрт Өзбекстан азаматшасы уақытша қабылдау орнына орналастырылған. 

Жалпы алғанда 45 жезөкше мен 2 сутенер есепке қойылған. 

"Стоп-Трафик" жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні Тараздағы Исатай батыр көшесіндегі сауықтыру кешенінде жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 48 жастағы әйел қолға түскен. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.