Петропавлдағы саунада жезөкшелер притоны анықталды

324
ІІМ-де өткен онлайн-брифингте Петропавлдағы притон мен Павлодар облысында алдап-арбау және бопсалау арқылы қыздарды жезөкшелікке тарту фактісі белгілі болды.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, қазір Павлодар тұрғынына қатысты тергеу жүмыстары жүріп жатыр. Ол кәмелет жасқа толмаған қыздарды алдап-арбау және бопсалау арқылы жезөшелікке тартқан. Интимді қызмет көрсету жөніндегі хабарландыруларды интернет ресурстарға жариялаған. 

Ал Солтүстік Қазақстан облысында ішкі істер министрлігі 25 жастан 47 жасқа дейінгі алты адамнан құралған топты ұстады. Олар алты ай бойы Петропавл қаласындағы саунада жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондар ұйымдастырып отырған. Қыздардың интимді қызметі үшін төленген ақшаны қолма-қол алмаған. 

Бұған дейін Маңғыстау облысында "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі күннің ішінде 45 жезөкше ұсталған еді. Жеңіл жүрісті қыздар есепке қойылған болатын.
 
Іс-шара 24-26 наурыз аралығында өткізілген. Осы уақыт ішінде құқық қорғаушылар моншалар мен жалдамалы пәтерлерді тексерген. 

"Жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша (ҚР ҚК 309 бап) 5 факті және кәмелет жасына толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша (ҚР ҚК 134-1 бап) бір дерек анықталды", - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаменті.