Қостанайлық полицей марапатқа ие болды

304
Қостанай қаласында ерлігі мен жанкештілігімен ерекшеленген полиция қызметкерлерін марапаттау рәсімі болып өтті. Ашып айтар болсақ, көліктер легінің басында жол көрсетіп, жүгірген әлеуметтік желі қаһарманына айналған болатын. Ол  Қостанай полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы Амантай Байжанов болатын. Жоғарыда айтылған ерен еңбегі үшін оған "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі табысталды. 
Сонымен қатар, Амантайдың әріптесі Әмір Шалғымбаев Ішкі істер министрлігінің грамотасы марапатталды. Шалғымбаев оқиға болған боранды күні онымен бірге қызметте болған.
 "Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы, жанкештілігі мен ерлігі үшін марапатталады", – делінген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығында. 
Сондай-ақ, ұлдарына үлгілі тәрбие бергені үшін полиция қызметкерлерінің ата-аналарына алғысхаттар табысталды. 
"Қызметтік борышын адал және ар-ұжданмен орындайтын ұлдарыңызды тәрбелеу жолында еткен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Осындай жанкешті қызметтің мысалдарын қолдана отырып, жүрек қалауы мен қабілетінің арқасында азаматтарымыздың тыныштығы мен амандығын күзететін нағыз кәсіпқой, патриот қалай әрекет ету керек екенін көрсету арқылы полиция қызметкерлерінің жас ұрпағын тәрбиелейміз", – деп сөзін тәмамдады Қостанай облысы ПД басшысының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.