Каналға құлап кеткен 2 жасар бала құтқарылды

1 580

Фото: видеодан скриншотТаразда полицейлердің баланы құтқарған сәті бейнежетонға түсіп қалған, - деп хабарлады "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Polisia.kz сайтының мәліметінше, құтқару сәті суға тұншығып, дем ала алмай жатқан кішкентай балаға көмекке асыққан полиция қызметкерлерінің бірінің бейнежетонына түскен.


Боран-3 автоэкипажы рация бойынша кезекшіден шұғыл шақырту түскен кезде өзіне бекітілген аумақты патрульдеп жүрген.


Тараз қаласы, Айша бибі көшесінің бойында мектеп жанындағы ағып жатқан каналға 2 жасар бала құлап кеткен. Полиция бірнеше минут ішінде шақырту орнына келді. Ол кезде өтіп бара жатқан бір адам баланы ес-түссіз күйде судан шығарып алған. Жедел медициналық көмек бригадасы келгенше, полиция қызметкері 10 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді, нәтижесінде бала дем ала бастайды.


«Баланың өмір белгілері болмаса да, мен соңына дейін күресіп, бізге үйретілген барлық дағдыларды қолдана отырып, тоқтаусыз жүрекке массаж жасадым. Көрер жарығы бар екен, өкпеден су шығып, нәресте дем ала бастады», – деді Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы Дәурен Колқаев.


Бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.