Қызылордада із-түзсіз жоғалып кеткен алты жасар бала іздестірілуде

297

Фото: polisia.kzҚызылордада жоғалып кеткен алты жасар балақайға іздеу салынды.

Басылымның мәліметінше, құзырлы органға Қызылорда қаласы Титов қыстағында 2015 жылы туған Бақыт Альтаирдың жоғалып кеткені туралы арыз түскен.

Ата-анасының айтуынша, алты жасар Бақыт 27 сәуір күні сағат 10:00 шамасында үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған.

Баланың табылмай жатқаны туралы ата-анасы полицияға тоғыз сағаттан кейін ғана хабарлаған.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы полиция департаментінің, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. 

Тұрғындарға әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат берілген.

Полиция қызметкерлерінің күшімен көпқабатты үйлердің шатырлары, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер, қалың жоталар, бейіттер, Сырдария өзенінің жағалауы тексерілуде. 
Іздестіру жұмыстары полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында екені атап өтілді.

Осы ретте тәртіп сақшылары жоғалған балақай туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласуын сұрайды.