Алматыда барахолкадан тағы өрт шықты

302
Алматының барахолкасында контейнерлер өртенді. Өрт тоғыз минутта сөндірілді деп хабарлайды.
Оқиға орнында түсірілген өрттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Куәгерлер "Кенжехан" базары өртеніп жатқаны туралы хабарлаған.
 
ТЖД мәліметінше, 29 сәуірде сағат 9:25-те Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 116, "Кенжехан-1" базары мекенжайы бойынша шақыртуға барған. 

"Оқиға орнына жеткен соң 6 минуттан кейін екі қабатты 3 контейнердің (авто бөлшектер бар) өртеніп жатқаны анықталды, өрттің жақын орналасқан көрші контейнерлерге таралу қаупі болды", – дейді ведомстводан. 
Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында тілсіз жау 9 минуттың ішінде яғни 9:49-да сөндірілген. Өрттің жалпы ауданы 40 шаршы метрді құраған. 

"Өрттің көршілес контейнерлерге ұласуына жол берілмеді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам мен 10 техника жұмылдырылды", – дейді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қыметі.