ҚЫЗЫЛОРДАДА 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ АТА-АНА ЖАЗАЛАНДЫ

2 509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

 

  Фото: Opennews.kz ЖИ Қызылордада бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамағаны үшін 3 888 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 623 кәмелетке толмағандар анықталған, – деп хабарлайды BAQ.KZ мәліметіне сілтеме жасап Opennews.kz ақпараттық агенттігі.


   Қызылордада 70 мектеп пен 10 колледжде 270 профилактикалық лекция өткізілген. Іс-шараларға шамамен 3 500 оқушы мен 250-ден астам ата-ана қатысқан. Сонымен қатар құқық бұзушылыққа бейім 306 оқушы мектепішілік есепке алынып, 53 жасөспірім полицияның профилактикалық есебіне қойылған.

   Сандар аз емес. Бірақ осынша шарадан кейін балалардың қауіпсіздігі қаншалықты күшейді? Құқық бұзушылық азайды ма, әлде есепке алынғандар мен жазаланғандардың саны ғана көбейді ме?

   3 888 ата-ананы жауапқа тарту – мәселенің шешілгенін білдірмейді. Бұл көрсеткіш керісінше, бала тәрбиесі мен жасөспірімдер қауіпсіздігіне қатысты түйткілдердің әлі де бар екенін аңғартады.


    Әкімшілік жаза заң бұзушылықтың салдарын бағалауға мүмкіндік береді. Алайда баланың түнде көшеде жүруіне не себеп болғанын анықтамай, ата-ананы жазалаумен шектелу мәселенің түп-тамырына үңілмейді. Отбасындағы жағдай, бос уақытты тиімді өткізу мүмкіндігі және профилактикалық жұмыстың нәтижесі де назардан тыс қалмауы керек.

   Прокуратура мәліметінше, ата-аналардың жұмыс орындарына арнайы хат жолдау тәжірибесін қалыптастыру мәселесі де қарастырылып жатыр. Бірақ жазалау шараларын күшейту өздігінен тәрбие сапасын арттыра ма? Бұл сұраққа нақты нәтиже ғана жауап бере алады.

       Қаншама шаралар өткізілсе де жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтар азаймай отыр. Жақында ғана орталық алаңда болған бала өліміне байланысты ел арасында алып қашпа әңгіме көп. Білім саласында қаншама былық болса да Басқарма басшысы Асқарбек Есжанов ешқандай шарасыз қалып отырғанын желі қолданушылары қызу талқылауда. Орынбасары мен екі мектеп директоырна облыс басшысы тәртіптік шара көргені туралы желіде жазылуда.

        Сонымен қатар әлеуметтік желіде облыстық білім саласының жұмысына және басқарма басшысы Асқарбек Есжановтың қызметіне қатысты сын көбейген. Желі қолданушылары басшының жауапкершілігі мен саладағы өзгерістерге күмән келтіріп, ашық пікірлерін қалдырған.

        Мәселен, "sejtov768" есімді қолданушы: «Асқарбекті ауыстыру керек. Біраз жыл болды ешқандай жұмыс жоқ», – деп жазса, assylzatbolat: «Есжановтың өзінен бастасын ауыс түйісті! Неше жыл болды отырғанына бір орында? Білім саласының сапасын жақсартып жатқанын байқамадық!» деген пікір білдірген.

        Тағы бір пікірде: «Есжановтың жеке қабылдау күні болама өзі? Канша жазылдық былтырдан бері бір рет те шақырған жоқ», – деген наразылық айтылған.

        Оразқожа Құрбанов есімді қолданушы облыс басшылығына қарата: «ҚҰРМЕТТІ Өңір басшысы ОБЛЫСЫМЫЗҒА Есжанов келгелі білім саласында .оның ішінде лауазымды тұлғалар ауыр қылмыстар жасауда, бірақ Есжанов мырза елге белгісіз жағдайда сүттен ақ, судан таза болып қала бере ме, басшының рейтингісі саланың нәтижелері көрсетіп тұрған жоқ па. Жоқ әлде суға салса батпайтын отқа салса жанбайтын пәлекеттер сияқты ма», – деп жазған.

        Бұл – әлеуметтік желі қолданушыларының жеке пікірі. Дегенмен пікірлердің мазмұны бір мәселеге келіп тіреледі: білім саласындағы олқылықтар үшін жауапкершілік кімге жүктелуі керек? Тек ата-аналар мен мектеп директорлары ма, әлде саланы басқарып отырған басшылықтың жұмысына да нақты баға берілуі қажет пе?




 Қазір жарияланған мәліметтерде профилактикалық жұмыстардан кейін құқық бұзушылықтың қаншалықты азайғаны көрсетілмеген. Демек, өткізілген лекциялар мен толтырылған хаттамаларды тиімділіктің түпкі өлшемі деп қабылдауға әлі ерте. 

   Бала тәрбиесі қағаздағы есеппен емес, өмірдегі нәтижемен өлшенуі керек. Сондықтан жауапты органдар жазаланғандардың санын ғана емес, қайталанған құқық бұзушылық көрсеткішін, жүргізілген жұмыстардың нәтижесін және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының тиімділігін де жариялауы қажет.

   Әйтпесе мыңдаған ата-ананы жазалау туралы есеп дайын болғанымен, қоғамды мазалаған мәселе сол күйі қалуы мүмкін.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.