Головкин «Канелоны» нокаутпен жеңе ала ма? - сарапшы жауап берді
Boxing247.com сайтының авторы Роб Смит Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы трилогияға болжам жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Ол отандасымыздың бұл кездесуде керемет өнер көрсетіп, мерзімінен бұрын жеңіске жететініне сенбейді.
Головкин сәуір айында өткен соңғы жекпе-жегінде WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Риота Муратты жеңді, бірақ ол кездесуде ӨТЕ қарт көрінді. Головкиннің күші әлі бойында, бірақ қолының жылдамдығы, рефлексі мен төзімділігі нашарларған. Ол 2019 жылдан бері екі жарым жыл бойы жекпе-жек өткізбеген 36 жастағы Муратаға қарсы үш раундтан кейін шаршап қалғандай көрінді», — деді сарапшы.







