Олимпиада чемпионы мас күйде көлік жүргізіп ұсталды
Астанада танымал боксшы Данияр Елеусінов ұсталды деген ақпарат тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қаласының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы болғанын растаған. Полицияның мәліметінше, алдын ала деректер бойынша, Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі бірнеше автокөлікпен соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін тәртіп сақшылары көлікті Достық көшесінде тоқтатып, ұстаған.
"Көлікті басқарған 35 жастағы ер адамның алкогольдік масаң белгілері байқалды. Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер жоқ",- деп хабарлады полиция.
"Жауапкершілік адамның танымалдығына, мамандығына, лауазымына немесе еңбегіне байланысты емес. Заңды бұзған және жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан әрбір адам заң аясында жауап береді", – делінген полицияның хабарламасында.
Сондай-ақ оның медициналық куәландыруға жіберілген. Алайда қазір полиция жүргізушінің жеке басын ресми түрде растаған жоқ. Егер медициналық сараптама оның алкогольдік мас күйде болғанын дәлелдесе, оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тиісті жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.







