Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

590
Тұрсынбек Қабатов "Хабар" агенттігінің креативті продюсері қызметіне тағайындалды,  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.


Белгілі өнер қайраткері Тұрсынбек Қабатов бүгіннен бастап "Хабар" Агенттігі" АҚ-ның креативті продюсері ретінде қызметке кірісті. Бойындағы таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Тұрсынбек Аманғалиұлы қолға алған кез келген жоба табысты болып жатады. Ол әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, әрдайым көпшіліктің көкейіндегіні айтып жүретіні белгілі. Оның ішінде отандық телеарналардағы "Әзіл әлемі", "Көңілді тапқырлар алаңы" сияқты жобалары көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие, - деді Берік Уәли.

Оның сөзінше, Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызық жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.