Жолдасым екеуміздің арамызда бала жоқ екеніне өкінемін

769
Отандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова қалың көпшілікке ақтарылып, жанұясына байланысты жан сырын ақтарды. Әрдайым көңілді жүретін өнер иесі өміріндегі бір өкініші, бір кем дүниесі туралы баяндады.
Жанар Айжанова ішіндегі күйінішімен "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында бөлісті. Екінші мәрте тұрмысқа шыққан эстрада жұлдызы жолдасы екеуінің арасында бала жоқ екеніне қатты қынжылатынын айтты. Өнер иесі бірінші некеде туған жалғыз қызының артынан еретін інісін немесе сіңлісін дүниеге алып келуді армандайтынын жасырмады. "Бір кем дүнием – екінші тұрмысқа шықтым ғой, екеуіміздің арамызда бала жоқ. Арманым ер азаматымның өз кіндігінен Айжұлдызымның соңынан еретін іні болатын, не сіңлісі болып қарайласып жүретін бір перзент болса. Біз айтамыз, Алланың дегені болады. Маған салса, бірінші соны қалар едім" , - дейді Жанар Айжанова.