"Қыздарымнан жасырдым": Абай Бегей екінші рет қалай үйленгені туралы айтты
1 097
Бұдан бірнеше жыл бұрын әнші Абай Бегей алдымен анасы, артынан әйелі қайтыс болып, аса ауыр кезеңді басынан өткерген. Қайғыдан қан жұтқан өнер иесі үш жылдан соң екінші рет отау құрып, тағы екі баланың әкесі атанды. Алайда әртіске екінші рет үйлену туралы шешім қабылдау оңай болмаған. Ол бұл қадамға барғанын қыздарынан жасырып қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Абай Бегей әйелі қайтыс болған соң өмірінде орын алған өзгерістері туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтып берді.
Эстрада жұлдызы екінші рет үйленемін деп бірқатар қиындыққа тап болған. Әншінің бұл шешімі үлкен қызына мүлдем ұнамаған.
Абай Бегей әйелі қайтыс болған соң өмірінде орын алған өзгерістері туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтып берді.
"Мен бастапқыда екінші рет үйленбеймін деп ойлағам. Оған ұл-қыздарға қарайтын, сырласатын адам керек болды. Әйелімнің анасы, сіңлілері маған көмектесті. Қыздарымның жанында болды. Бірақ кейін үйлену керек де шештім. Бір үйде әйел адамның болғаны жақсы ғой. Солай досымның тойында қыз жолдаспен таныстым. Фарида менен 16 жас кіші. Солай кездесіп, ұзақ сөйлесіп жүрдік. Оның ата-анасы жақсы адамдар. Маған қарсы болған жоқ. Қызы қалаған адамға қарсы шыққан жоқ. Менің әкем де анамнан 16 жас үлкен. Сондықтан адамның тіл табысуы жасқа қарамайтын секілді. Ақыры бас қостық. Той жасау керек болды. Бірақ қыздарымнан жасырдым. Той болатын күнді білмей-ақ қойсын дедім. Одан кейін түсіндіремін дедім. Бірақ көршілер бар, телефон бар, олар біліп қойыпты", - деді әртіс.
Эстрада жұлдызы екінші рет үйленемін деп бірқатар қиындыққа тап болған. Әншінің бұл шешімі үлкен қызына мүлдем ұнамаған.
"Үлкен қызыммен дұрыс болмай жүрдік. Ол маған ренжіді. Қанша уайым жедім. Қазір түк болмағандай. "Уақыт – емші" деп дұрыс айтады екен. Бәріне сабырлық керек. Адам қиындықты сабырлықпен ғана жеңеді. Мен бұрын да намаз оқитын едім. Кейін де намазға көп көңіл бөлдім. Кімге болса да сондай кеңес берер едім. Бәріміз қонақпыз. Бәріміз кетеміз. Біреуі ерте, біреуі кеш", - деді ол.