Ұлымыз ерін әкелсе, қызымыз қыз құшақтап келсе не істейміз

387
Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова Алматы қаласында өткен феминистер шеруіне қатысты өз ойын жеткізді. Ол аталмыш наразылық шарасын және оны қолдаған адамдарды түсінбейтінін айтты.
Жұлдыз Әбдікәрімова әйел заты қорланатын емес, қорғалатын жан екенімен толықтай келіседі. Алайда, ол мұндай шеруге шықпай тұрып, алдымен ойлануға кеңес берді. Актриса дос пен дұшпанды ажырата білудің маңыздылығын ерекше атап өтті. 
"Қой терісін жамылған қасқырдың жемтігі боп қалмайық. Кішкентай кезде бізді біреу ренжітсе ағамызға не әкемізге айтатынбыз. Себебі олардың бізге қорған екенін білдік. Нағашымызға “арқалашы, көтерші” деп еркелей өстік. Себебі еркелете алатынына сендік. Бойжете келе сөз салған сүйіктімізге, “иә” деп, отбасын құруға келісім бердік. Себебі одан болашақ отағасын көрдік. Ал уақыт өте пайда болатын отбасы ішіндегі түсініспеушілік ер мен әйелдің екеуара мәселесі-мәмілесі еді. Екеуінің ықтиярлығымен бір шешімге келетін тек екеудің әңгімесі. Ал шеттен шыққан жағдайда заң бар, құқық бар. Үндесе де, үндемесе де - ол да өз таңдауы.