Тоқтар Серіков отау құрғанына 17 жыл толған әйелін қалай таңдағанын айтты

2 715

Фото: ашық дерек көзіШоу-бизнестің жұлдызды жұбы Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның шаңырақ көтергеніне биыл 17 жыл толған. Әнші "ХабарLike" бағдарламасында әйелін қалай таңдап алғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Қазақта "Үйлену - оңай, үй болу - қиын" деген әдемі сөз бар. Осы сөздің астарында атан түйе көтере алмайтын ауыр жүк жатыр. Мен өз бақытыма асығыс-үсігіс жетпедім. Өз бақытымды жеті рет өлшеп, бір рет кескен жанмын. Бұл кісіні болашақта бала-шағамның аяулы анасы болатынын, ақ сүтін адал емізетініне, мен жоқта жоқтатпайтынына, әулетімді ұрпағыммен бақытты қылатынына сенімді болып алдым. Жұбайыңды қалай таңдадың десе, мен тек осылай айта аламын. Үйлену тойының күнін сәуір айының 20-ы күні таңдадым. Жарыма жыл сайын сол күні ұмытпай, тәтті торт пен гүл сыйлаймын. Себебі, сол күні өз еркімен тұрмысқа шықты. Өз әулетін бір сәтке ұмытып, біздің әулетке енген күні ғой деп гүл сыйлаймын. Біздің отау құрғанымызға тура 8 жыл болғанда, яғни, 20 сәуір күні егіздеріміз өмірге келді ", - деді Тоқтар Серіков.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.