"Дұғада болыңыздар!": Төреғали Төреәлінің әкесі мәлімдеме жасады

2 226

Фото: https://www.instagram.com/torealitolepov/Танымал әнші Төреғали Төреәлінің концертінің өтпеуіне байланысты әкесі мәлімдеме жасады, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әншінің төрт қалаға жоспарланған концерті өтпей қалды. 


“Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Қасиетті Рамазан айында ұстап жатқан оразаларыңыз қабыл болсын! Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісімшартқа отырып қоя алмайтыны мәлім. Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарланған концерттерді кейінге шегіндірдік. "Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады" деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым. Бұлттың артынан күн шығары анық қой, ауырмаңыздар.",– деп жазды продюсер әке. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.