"Үйленгеннен кейін концерт қояды": Меруерт Түсіпбаева

2 145

Фото: жеке парақшасынанТанымал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева қоғамда күйеуінен қорлық көрген қыздарға қатысты пікір білдірді, - деп  хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.

Өнер иесі қоғамды дүр сілкіндірген 21 жастағы Ажардың өліміне өз ойын айтты. 

“Руслан Өтепбайдан тағы бір сұмдық жағдайды көрдім. Алматыда айдың күннің аманында Ажар деген әп-әдемі келіншек 6-қабаттан секіріп өлді. 12 мүшесі сау, ҚазҰУ- ды аяқтап, Абай атындағы ҚазПҰУ-да оқып жатқан еді. Артында Нұрдәулет деген баласы қалды. Бұл оқиға маған Мәскеуде оқып жүріп, қаза тапқан Томиристің оқиғасын еске салды. Анасы Жанна ханым ,талай қиындықты басынан кешсе де, ақыры Томпиды анау аты өшкір Муртузалидың лақтырып жібергенін дәлелдеп еді ғой.  Біз де дәлелдеуіміз керек?! 19 жасында Нәдірбек деген есерсоққа күйеуге шығып, небәрі 21 жасында кішкентай баласын тастап, 6-қабаттан неге секіреді?! Мүмкін емес. Ал, кім сенеді?!”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ, өнер иесі тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес беріп, қол көтеретін жігіттерден қашу керегін айтты. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.