Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындады

2 633

Фото: бейнежазбаданЖас әнші Самат Жанғазин танымал өнер иесі Қайрат Нұртастың өзінің жаңа әнін авторлық рұқсатсыз орындап жүргенін хабарлады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жанғазиннің айтуынша, "О махаббат, ғажапсың" атты әнді ол композитор Дәурен Шәріппен бірге жазған, ал аранжировкасын Азамат Сәбетов жасаған. Әншінің айтуынша, бұл шығарма үлкен еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. 

“Композитор Дәурен Шәріп ағамызбен былтырдан бері дайындадық. Күні-түні ұйықтамай студияда жаздық. Аранжировкасын Азамат Сәбетов есімді бауырымыз жасады. Осындай еңбекпен жарық көрген әнді сұрамай жаза салу деген қалай түсінесіздер?” – деп жазды ол.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.