Әділет Жауғашар: «Бір күнде 8 тойда өнер көрсеттім»

2 524

Фото: instagram.com/adilet.zhaugasharӘнші Әділет Жауғашар «KeшRЕС» бағдарламасына берген сұхбатында тойдан жақсы табыс табатынын айтып, тыңдарманды таңғалдырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі бір күнде 8 тойға қатысып, бәріне үлгергенін айтты. Әсіресе, Шымкенттегі мерекелік шаралардың қарқыны мен ұйымдастырылу тәртібі бұл рекордқа қолайлы жағдай туғызған.

«Шымкент қаласында 4 сағатта 8 тойға кіріп, өнерімді көрсетіп шықтым. Солай болып қалды. Шымкентте тойдың өзі 4 сағатқа созылады ғой. 5 сағат болмаған. Үлгердік. Бұл – құнығу емес. Әдетте 4-5 тойға ғана кіретінбіз», – деді Әділет Жауғашар.

Әнші бір күндік табысы жайлы нақты мәлімет бермегенімен, тойдан ойдағыдай қаражат түсетінін жасырмады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.