"ЖАУАП БЕРСЕ, КЕЗДЕСУГЕ ШАҚЫРАМЫН": АЛМАС КІШКЕНБАЕВ БЛОГЕР АРУҒА СЕЗІМІН БІЛДІРДІ

302

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Алмас Кішкенбаев желіде танымал блогер аруды ұнататынын айтты. Өнер иесі өз парақшасында бойжеткеннің видеосымен бөлісіп, көпшіліктен оның жеке өмірі жайлы сұрастырды.

Алмас Кішкенбаевтың жүрегінен ерекше орын алатын ару Instagram желісінде аса танымал Әйгерім есімді блогер болып шықты. Эстрада жұлдызы өз парақшасында бойжеткенге деген сезімі бар екенін айтып, алдағы уақытта оны кездесуге шақырғысы келетінін жеткізді.

"Осы қыз ұнайды маған. Оның үстіне ән де айтады екен. Әлде маған жасы тым кішкентай ма? Біз таныс емеспіз. Егер жауап берсе, бірден кездесуге шақырамын. Бейнебаяны шығыпты. Қарап бағасын беріңіздер. Менің білуімше Нұрдәулет екеуі дос" , - деп жазды әнші.Оған қоса, өнер иесі желі қолданушыларының көмегіне жүгініп, өзі ұнатқан қызға қатысты бірқатар мәлімет біліп алмақ болды. Ол халықтан Әйгерімнің жасы мен жеке өмірі жайлы сұрастырды. 

Кішкенбаев ел алдында блогер аруды ұнататынын айтқанымен, бойжеткен оған жауап бермеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.