Танымал рэпер Qarakesek 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

2 339

Фото: видеодан алынған кадрАқтөбеде полиция 31 жастағы рэп орындаушыны нашақорлық күйінде ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, ұсталған сәтте рэп орындаушы көлік тізгінінде болған. Жеке тексеру кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленген. Сараптама нәтижесінде бұл зат синтетикалық есірткі екені анықталды.

«Медициналық куәландыру жүргізіліп, оның есірткілік масаң күйде көлік жүргізгені расталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция ұсталған азаматтың аты-жөнін жарияламады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.